Салықтық кеңес беру, оның ішінде халықаралық салық салу және трансферттік баға белгілеу бойынша
- ҚР-дағы табыс көздерден резидент еместердің табыстарына салық салу және қосарланған салық салуды болдырмау туралы халықаралық келісімшарттарда көзделген жеңілдіктерді қолдану бойынша консультация беру
- Мемлекеттік органдарға салық салу бойынша сұраныстарды дайындау және сүйемелдеу
- Салық заңнамасындағы өзгерістер туралы хабардар ету
- Компанияның салықтық есепке алу саясатын әзірлеу және өзектендіру;
- Салық тәуекелдерін алып тастау/ азайту бойынша практикалық ұсыныстармен сипаттау
Қызмет көрсету – салық салу мәселелерін кәсіби және уақтында шешуді жолға қоюға, салықтық тәуекелдерді алдын ала анықтауға және оларды жою жөнінде шаралар қабылдауға мүмкіндік береді. Бұл кейіннен салықтық тексерулер барысында есептеу кезінде қосымша салық салмауға септігін тигізеді.
Салықтық есептеуді салықтық тексеруге дайындау
Салықтық тексерулердің нәтижелері салықтық есептеуді жүргізудің дұрыстығына, сондай-ақ қалыптасқан практиканы және салық органдарының салық заңнамасының нормаларын ағымдағы түсіндіруін ескере отырып, тексеру жүргізу алдында оны өзектілендіруге тікелей байланысты.
Olympex Advisers клиенттердің салықтық есебін дайындау кезінде салықтық тексерулерді сүйемелдеудің өзекті тәжірибесіне негізделген және олардың нәтижелеріне шағымдануда үлкен тәжірибеге ие. Қызмет көрсету – бастапқы құжаттарды тексеруден және жоспарланатын салықтық тексеру кезеңі үшін салықтарды есептеуден, қажетті ақпаратты дайындаудан, сондай-ақ анықталған тәуекелдерді түзетуден және жою бойынша ұсыныстар әзірлеуден тұрады.
Салықтық тексеруді сүйемелдеу
- Салық тексеруін жүргізу кезінде туындайтын салық мәселелері (оның ішінде трансферттік баға белгілеу бойынша) клиенттің мүдделерін қорғау
- Тексеру жүргізушілерге клиенттің ұстанымының нормативтік негізделген дәлелдемелерін ұсынып, жазбаша қорытындылар дайындау
- Тексеру жүргізушілерден алдын ала келіп түскен шағымдарды талдау және шағымдану қортындыларын бағалау
- Салықтық тексеру барысында клиенттің қызметкерлеріне кеңес беру
- Тексеру жүргізушілер іс-әрекеттері мен талаптарының заңдылығын бақылау
Olympex Advisers қызметкерлері салықтық тексеру барысында көтерілген барлық мәселелердің 70-тен 90% – на дейін заңды түрде негізделіп, дәлелденген және клиенттің пайдасына шешілген. Біздің тәжірибеміз негізсіз үстеме салық есептеулерге жол бермеу, сондай-ақ қажет болған жағдайда сотқа дейінгі және сотқа салықтық тексеру нәтижелеріне шағымдануға сапалы дайындалуға мүмкіндік береді.
Салықтық аудит
- Салық салынатын базаны анықтау кезінде дұрыстығын бағалау.
- Салық жеңілдіктерін қолданудың заңдылығын бағалау
- Салық және төлемдердің барлық түрлері бойынша салық міндеттемелерін есептеудің дұрыстығын бағалау.
- Салық заңнамасының нормаларын дұрыс қолданбаған жағдайда клиент үшін салық салдарын есептеу
- Салық тәуекелдерін азайту / алып тастау бойынша ұсыныстар
- Салықтар бойынша айыппұл санкцияларын азайту
Салықтық аудит барысында Olympex Advisers қызметкерлері компанияның салықтық есебінің ағымдағы жай-күйін дұрыс бағалау, клиенттер үшін қателерді уақтында кәсіби анықтау түрде салықтық тәуекелдерді едәуір төмендетеді.
Салық заңнамасына өзгерістер енгізуді сүйемелдеу
Салық заңнамасы, практикалық қызмет барысында ағымдағы жағдайды ескере отырып, Салық заңнамасы өзгерістерге және өзектендіруге алып келеді. Қолданыстағы заңнама деңгейінде шешілмейтін салық салу мәселелері бойынша, проблемалар болған кезде, салық төлеушілерде заңнаманы өзгерту қажеттілігі туындайды.
Olympex Advisers Қазақстан салық төлеушілер қауымдастығының қазіргі мүшесі және “KAZENERGY” қауымдастығының қазіргі кеңесшісі болып табылады, салық заңнамасын әзірлеуге, келісуге және өзгерістер енгізуге белсенді қатысады. Мемлекет тарапынан Заң жобаларын қарау процесінде атқарылған жұмыс қорытындысында, салық заңнамасына бірқатар ұсыныстар мен ескертулер қабылданған болатын, олардың кейбіреулері біздің клиенттеріміздің салықтық тексерулеріне шағым жасау кезінде оң нәтижесін берді.
Салықтық есепке алу саясатын әзірлеу / өзектендіру
Салықтық есеп саясаты салық органдарына салықтық бақылауды жүзеге асыру бойынша ақпарат беру мақсатында ғана емес, сонымен қатар салық төлеушінің барлық операцияларын салықтық есепке алу тәртібі туралы толық және сенімді ақпарат қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Салықтық есепке алу саясатын жасауға/өзектілендіруге егжей-тегжейлі және білікті көзқарас компанияға салықтық жоспарлау рәсімдерін табысты жүргізуге, салықтық есепке алуды жүргізудің қолданылатын тәртібін нақтылауға мүмкіндік береді және салықтық тексерулер жүргізу кезінде салықтық заңнаманың әртүрлі қолданылуын болдырмауға мүмкіндік береді.
Olympex Advisers Қазақстанның салық төлеушілерінің ассоциясының қазіргі мүшесі және «KazEnergy» қауымдастығының қазіргі кеңесшісі болып табылады, мамандар жаңа Салық кодексін әзірлеуге, атап айтқанда жер қойнауын пайдаланушыларға салық салу және халықаралық салық салу мәселелері бойынша тікелей қатысты.
Трансферттік баға белгілеу
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша салық тәуекелдеріне сараптамалық талдау көрсету бойынша қызметтер
- Келісімдер мониторингі бойынша есептілікті дайындау бойынша қызметтер
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша уәкілетті органдардың тексерулерін сүйемелдеу жөніндегі консультациялық қызметтер
- Трансферттік баға белгілеу мәселелері бойынша тексеру нәтижелерінің хабарламаларына шағымдану жөнінде қызметтер;
- Қазақстан Республикасының ішкі нарығына және экспорттық бағыттарға тауарларды (жұмыстарды, қызметтерді) сату кезінде формулалық баға белгілеу әдістемесін әзірлеу бойынша қызметтер;
- «Трансферттік баға белгілеу туралы» ҚР Заңы 10-бабының 10-тармағына сәйкес баға белгілеу қағидаларын (әдістемесін) бекіту бойынша Қазақстан Республикасы Үкіметі қаулысының жобасын әзірлеу және сүйемелдеу.