Консультациялық қызметтер нарығындағы компанияның тәжірибесі мен имиджі клиенттерге халықаралық шарттарға қол қоюға байланысты мәселелер бойынша жоғары білікті құқықтық көмек алуға мүмкіндік береді.
Мәселен, тәуелсіздік алғаннан кейін 25 жылдан астам уақыт бойы посткеңестік кеңістік елдері арасында магистральдық мұнай құбырларында технологиялық мұнайды бөлу туралы мәселе шешілген жоқ. Нәтижесінде Қазақстан Республикасының балансында тұрған технологиялық мұнайдың бір бөлігі Ресей Федерациясының аумағында болды. Бұл мәселені шешу кезінде барлық мүдделі тараптардың мүдделерін ескере отырып, ең оңтайлы шешімді анықтау қажет.
Olympex Advisers Ресей Федерациясының аумағында орналасқан магистральдық мұнай құбырындағы 141 728 тонна көлеміндегі технологиялық мұнайдың мәртебесін айқындауға байланысты Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасында үкіметаралық келісім жасасу рәсімін сүйемелдеу бойынша консультациялық қызметтер көрсетті.
Үкіметаралық келісім жасасу аясында Olympex Advisers келесі қызметтерді көрсетті:
- үкіметаралық келісім редакциясын дайындауға қатысу;
- мүдделі мемлекеттік органдарда, оның ішінде министрліктерде, Премьер-Министр Кеңсесінде, Парламентте және аккредиттелген жеке кәсіпкерлік субъектілерімен үкіметаралық келісімді келісу рәсімін сүйемелдеу;
- құқықтық және ғылыми сараптамалардан өту тәртібі;
- үкіметаралық келісімді бекіту туралы Қазақстан Республикасы Үкіметінің қаулысын келісу.
Консультациялық қызметтерді көрсету нәтижесі Челябинск қаласында (Ресей Федерациясы) XIV өңіраралық ынтымақтастық форумы шеңберінде үкіметаралық келісімге қол қою болып табылады.