Инновационный IT-продукт в области трансфертного ценообразования
Демо версия
Сервис Transfer Pricing Monitor предлагает простой и удобный инструмент для автоматизации процесса составления отчетности по мониторингу сделок и расчета трансфертной цены.
Демо версия
Сервис Transfer Pricing Monitor предлагает простой и удобный инструмент для автоматизации процесса составления отчетности по мониторингу сделок и расчета трансфертной цены.
This post is also available in:
EN (EN)
RU (RU)
KZ
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген жасалған келісімдердің Мониторингін жүзеге асыру Ережелеріне сәйкес, жыл сайын Салық қызметі органдарына жасалған келісімдердің Мониторингі бойынша есептілікті ұсыну көзделген. Осы бағытта цифрлық технологияларды пайдалану төмендегідей мүмкіндіктерге қол жеткізеді: Айта кету керек, бизнестің барлық салалары бойынша (мұнай-газ, тау-кен өндірісі, банк, аграрлық, темекі, фармацевтика, энергетика және т.б.) Қазақстанның 300-ден астам ірі компанияларына, оның ішінде жасалған келісімдеріне мониторинг жасалады. Осыған байланысты, жасалған келісімдер мониторингі бойынша осы IT-бағдарламасын пайдалану экономиканың жоғарыда көрсетілген барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді. Бекітілген баға белгілеу Әдістемелері негізінде, ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетіне және салық төлеушілерге салыстырмалы бақыланбайтын баға әдісі бойынша нарықтық бағаны есептеудің бірыңғай жүйесін қолдану қажеттілігі бар. Бұл әдіс нарықтық бағаны айқындау кезінде басым болып табылады және қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК мақта, уран, титан губкасы, мұнай және газ конденсаты, болат және т.б. тауарлар санаты бойынша баға белгілеудің тиісті Әдістемелерін қолданады. Осы Әдістемелердің болуы, салық органдарының бақылау функцияларын жүзеге асыруының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, ал салық төлеушілерге – салықтық тексеру жүргізгенге дейін тәуекелдерді алдын ала есептеуге мүмкіндік береді. ІТ – бағдарлама нарықтық бағалар бойынша ресми танылған ақпарат көздерінің (мысалы: Thomson Reuters, Platts, Argus) деректерін және жасалған келісімдер мониторингі бойынша есептілікте ұсынылған салық төлеушінің деректерін пайдалануға негізделген. Өткізу бағасын есептеу нәтижесі бағалар диапазонына кіретін болса, осы баға нарықтық және жол берілетін баға болып танылады, диапазоннан айырмашылығы болған жағдайда салық органы салық салу базасына түзету жүргізіп, қосымша салық салады. Бұдан басқа, осы ІТ – бағдарлама трансферттік баға белгілеу бойынша жинақталған барлық нормативтік құқықтық база, сондай-ақ салық төлеуші мен ҚР ҚМ МКК арасында электрондық хабарламалар түрінде ақпарат алмасу жүйесі жұмыс істейді. Olympex Advisers Қазақстан Республикасының салық төлеушінің нарықтық бағаны есептеудің дұрыстығын тексеру үшін трансферттік баға белгілеу арқылы сыртқы экономикалық операциялардың ақпаратын талдау бойынша салық төлеушілерге инновациялық қамтамасыз ететін бағдарламаны енгізуді ұсынады.Transfer Pricing Monitor
Назарларыңызға трансферттік баға белгілеу бойынша қамтылатын инновациялық бағдарламалық қамтамасыз етудің демо-нұсқасы ұсынылып отыр:

Жасалған келісімдер мониторингі бойынша автоматтандырылған есептілік

Нарықтық бағаны автоматтандырылған есептеу