Сіздердің назарларыңызға трансферттік баға белгілеу бойынша инновациялық бағдарламалық қамтамасыз етудің демо-нұсқасы ұсынылған.
Мәмілелер мониторингі бойынша автоматтандырылған есептілік
Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2017 жылғы 15 желтоқсандағы бұйрығымен бекітілген Мәмілелер мониторингін жүзеге асыру қағидаларына сәйкес, жыл сайын салық қызметі органдарына мәмілелер мониторингі бойынша есептілікті ұсыну көзделген.
Осы бағытта цифрлық технологияларды пайдалану төмендегідей мүмкіндіктерге жол ашады:
- қызметкерлердің еңбек шығындарын қысқарту есебінен еңбек өнімділігін арттыру: есептілік бойынша әрбір деректерді қолмен енгізудің қажеті болмайды;
- есептілік нысандарын толтыру рәсімін оңайлату;
- салық төлеуші мен салық қызметі органдары енгізген жүйелер арасында тиімді ақпарат алмасуды жолға қою;
- алдағы кезеңдерде болатын нарықтық бағаларға болжам жасау;
- мәліметтерге жылдам қол жеткізуді, сондай-ақ жүзеге асырылатын операциялар бойынша деректерді қорғауды қамтамасыз етуге міндетті.
Бизнестің барлық салалары бойынша (мұнай-газ, тау-кен өндірісі, банк, аграрлық, темекі, фармацевтика, энергетика және т.б.) Қазақстанның 300-ден астам ірі компаниясы мәмілелер мониторингіне жататындығын айта кету керек.
Осыған байланысты, мәмілелер мониторингі бойынша осы IT-бағдарламаны пайдалану экономиканың жоғарыда көрсетілген барлық салаларын қамтуға мүмкіндік береді.
Нарықтық бағаны автоматтандырылған есептеу
Салық төлеушілерде және ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінде бекітілген баға белгілеу әдістемелері негізінде, салыстырмалы бақыланбайтын баға әдісі бойынша нарықтық бағаны есептеудің бірыңғай жүйесін қолдану қажеттілігі бар.
Бұл әдіс нарықтық бағаны айқындау кезінде басым болып табылады және қазіргі уақытта ҚР ҚМ МКК мақта, уран, титан губкасы, мұнай және газ конденсаты, болат және т.б. сияқты тауарлар санаттары бойынша баға белгілеудің тиісті әдістемелерін қолданады. Осы әдістемелердің болуы, салық органдарының бақылау функцияларын жүзеге асыруының ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге, ал салық төлеушілерге – салықтық тексеру жүргізгенге дейін тәуекелдерді алдын ала есептеуге мүмкіндік береді.
Бағдарламалық қамтамасыз ету нарықтық бағалар бойынша ресми танылған ақпарат көздерінің (мысалы: Thomson Reuters, Platts, Argus) деректерін және мәмілелер мониторингі бойынша есептілікте ұсынылған салық төлеушінің деректерін пайдалануға негізделген. Егер өткізу бағасын есептеу нәтижесі бағалар диапазонына кіретін болса, осы баға нарықтық және жол берілетін баға болып танылады, диапазоннан ауытқыған жағдайда салық органы салық салу объектілеріне түзету жүргізеді және қосымша есептеуді жүзеге асырады.
Бұдан басқа, БҚ трансферттік баға белгілеу бойынша барлық нормативтік құқықтық база жинақталған, сондай-ақ салық төлеуші мен ҚР МКК арасында электрондық хабарламалар түрінде ақпарат алмасу жүйесі жұмыс істейді.
Жоғарыда айтылғандармен байланысты, Olympex Advisers Қазақстан Республикасының салық төлеушілеріне салық төлеушінің нарықтық бағасын есептеудің дұрыстығын тексеру үшін трансферттік баға белгілеу бойынша сыртқы экономикалық операциялардың ақпаратын талдау бойынша инновациялық бағдарламалық қамтамасыз етуді енгізуді ұсынады.