This post is also available in:
EN (EN)
RU (RU)
KZ
«Параграф» ақпараттық жүйесінде және KazLawReview ғылыми-құқықтық басылымында «Қазақстан Республикасында жасанды интеллектті пайдалану және оқыту кезінде дербес деректерді қорғау» атты мақала жарияланды. Мақала «OLYMPEX ADVISERS» ЖШС сарапшылары тарапынан дайындалған.
Мақала авторлары:
🔹 Екатерина Нурперзентова – OLYMPEX ADVISERS компаниясының сот практикасы бөлімінің жетекшісі;
🔹 Сағындық Алмаз Ғалымжанұлы – OLYMPEX ADVISERS компаниясының сот практикасы бөлімінің заңгер көмекшісі.
Жарияланымда жасанды интеллект пен дербес деректерді қорғау саласындағы Қазақстан Республикасының жаңа заңнамасының негізгі ережелері, Ұлттық ЖИ платформасының қызметі, деректерді өңдеу және иесіздендіру мәселелері қарастырылған. Сонымен қатар қазақстандық тәсіл GDPR және EU AI Act халықаралық стандарттарымен салыстырылып талданған.
Мақалада инновацияларды дамыту мен азаматтардың жеке өміріне қол сұқпаушылық және дербес деректер қауіпсіздігі құқықтарын қорғау арасындағы тепе-теңдікті қамтамасыз ету мәселелеріне ерекше назар аударылған.
Мақаланың толық мәтіні:
https://kazlawreview.kz/zashhita-personalnyh-dannyh-pri…/
https://prg.kz/document/?doc_id=32618595