Сервис Transfer Pricing Monitor предлагает простой и удобный инструмент для автоматизации процесса составления отчетности по мониторингу сделок и расчета трансфертной цены.
This post is also available in:
EN (EN)
RU (RU)
KZ
Басқарма төрағасының кеңесшісі Ақбота Наурызова мен бизнес-даму тобының жетекшісі Динара Нашарова Қазақстан Республикасының Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітовтың атынан жаңа Су кодексі мен оған ілеспе заң жобаларын әзірлеуге қатысқаны үшін марапатталды.
Olympex Advisers сарапшыларының еңбегі салалық мамандар тарапынан жоғары бағаланды. Құжаттардың негізіне айналған тұжырымдамалық идеялар мен құрылымдарды дәл біздің әріптестеріміз ұсынғаны — ерекше мақтаныш.
Еске салсақ, 2025 жылғы 9 сәуірде Мемлекет басшысы Қазақстан Республикасының жаңа Су кодексіне қол қойды. Ел тарихында алғаш рет заңнамаға «су қауіпсіздігі» ұғымы енгізіліп, азаматтардың, экономиканың және мемлекеттің су ресурстарына қатысты мүдделерін қорғау заң жүзінде бекітілді.